2022 жылғы 27 шілдеде Elbasy Academy базасында "Білім беру және адами капиталды дамыту саласындағы зерттеулерге шолу" тақырыбында MeetUp өтті.

          "Белес" талдау және стратегия орталығы" қоғамдық бірлестігінің президенті Ырсалиев Серік Әзтайұлы және BTS Education зерттеу бөлімінің басшысы Абуов Бауыржан Болатұлы іс-шара спикерлері болып, "Қазақстан ата-аналары: постпандемияда балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі рөлі" тақырыбында сөз сөйледі.

          Серік Әзтайұлы өз баяндамасын мектеп пен мұғалім, ата-аналар мен қоршаған орта, сондай-ақ балалардың өздері деген білім беру және тәрбиелеу процестеріндегі негізгі үш факторды анықтаудан бастады. Үшбұрыштың барлық үш құрамдасының процеске біркелкі қатысуы өте маңызды.

          PISA-2018 зерттеуінің мәліметтеріне сәйкес, ата-ананың өз баласының жетістігін мұғалімммен талқылауға қатысу үлесінің әрбір 10 пайыздық тармаққа ұлғайған сайын балалардың оқу нәтижелері 10 балға артатынын көрсетті.

          PIRLS-2016 зерттеуінде ата-анасы сауаттылыққа ерте үйреткен төртінші сынып оқушыларының нәтижелері, ата-анасы көңілін кейде бөлген оқушыларға қарағанда, 24 балға жоғары болды, және ата-анасы көңілін ешқашан дерлік бөлмеген оқушыларға қарағанда, 110 балға жоғары болды. Осылайша, ата-ана іс жүзінде өз баласының алғашқы ұстазы болып табылады деген қорытынды жасауға болады.

          75 зерттеуді мета талдау ата-ананың баланың мектептегі өміріне қатысуы және оқушылардың академиялық үлгерімі арасындағы байланысты анықтады, солардың ішінде 4-і ең үлкен оң байланысты көрсетті:

- үйде бірге кітап оқу

- аналардың балаларының оқу жетістіктеріне деген жоғары үміттері

- білім беру және мектеп мәселелері бойынша ата-аналардың балалармен қарым-қатынасы

- ата-аналардың балаларды көтермелеуі және қолдауы

          Сөз соңында бірқатар ұсыныстар ұсынылды:

          Ұлттық деңгейде:

- қолжетімді және түсінікті болатын, бала дамуының әртүрлі кезеңдерінде мектеп оқу бағдарламаларының мазмұнын толық көрсететін, ата-аналарға үйде оқу материалын бекіту әдістері немесе артта қалған оқушыларға арналған түзету әрекеттері туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар, білім беру жүйесіндегі жаңалықтар туралы ата-аналарға арналған жаңалықтар легін, ата-аналардың баланың мектеп өміріне қатысуына жақсы мысалдар туралы мақалалар іріктемесін, кері байланыс және ата-аналарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беру мүмкіндігін ұсынатын, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналарды қолдауға арналған ұлттық портал әзірлеу;

- әр мектеп «мектеп – бала – ата-ана» серіктестігін өзіндік құру тәсілін анықтай алатын мектептерге арналған нұсқаулық үлгісін әзірлеу;

- ата-аналардың өз балаларын оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуының маңызын түсіндіретін, мектеп қоғамдастығының белсенді бөлігіне айналуға, баласын оқытуда оның серіктесі болуға көмектесетін кеңестерді қамтитын ата-аналарға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу;

- ата-аналармен әріптестік саласында педагогтерді кәсіби дамыту мен біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу.

          Институционалдық деңгейде:

- ата-аналардың қатысуы мәселелері бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлеу үшін ата-аналардың қатысуымен жүйелі түрде сауалнамалар, сұхбаттар және фокус-топтар өткізу;

- ата-аналардың қатысуымен ашық сабақтар өткізу тәжірибесін нормативтік тұрғыда енгізу (parents and family «learning» walks);

- ата-аналарға әр тоқсан сайын баланың дамуы, баланы дамыту мәселелері мен мүмкіндіктері туралы жеке, дербестендірілген есепті ұсынуды нормативтік тұрғыда бекіту;

- ата-аналармен бейресми ынтымақтастықты дамыту: мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен кешкі астары, ата-аналардың қатысуымен ойын кештері және мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасау, сыни тұрғыдан ойлау саласында ата-аналар мен балалардың дағдыларын дамытатын басқа да іс-шаралар өткізу;

- ата-аналардың еріктілігін дамыту: экскурсиялар, кітап оқу курстарын, сторителлинг өткізу, кітапханада көмектесу, атақты адамдардың қатысуымен өтетін іс-шараларға қатысу, отбасы дәстүрлері туралы әңгімелер айту, сабақтан тыс уақытта факультативтік сабақтар жүргізу немесе тіпті мұғалімге сабақ өткізуге көмектесу.

          Бауыржан Әбуов ата-аналар мен педагогтерге арналған сауалнаманы құрастыру әдістері, деректерді жинау және өңдеу, сондай-ақ көрнекілеу әдістері туралы айтып берді.

          Осы зерттеу Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ауқымдылардың бірі, сондай-ақ білім беру саласында қамту бойынша ең ірілерінің бірі болып табылатынын ерекше атап өткен жөн.

          Ұйымдастырушылар мен қатысушылар баяндамашыларға алғыс айтып, зерттеуге қатысты өз пікірлерін білдірді.

        "Қазақстан ата-аналары: постпандемияда балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі рөлі" талдамалық есебі

Оставить заявку