2021 жылы «Белес» талдау және стратегия орталығы қазақстандық білім беру жүйесіндегі кезекті маңызды «Мұғалімдердің дауыстары» зерттеуін өткізіп жатыр.

Оның шеңберінде әрбір мұғалімнің қоғамдық және кәсіптік бірлестіктерге қатысуының тетігі мен тиімділігі зерделенетін болады.

"Белес" орталығының қазақстандық педагогтарды ынталандыру (2018) және білім беру сапасын халықаралық зерттеулерде ҚР төмен нәтижелерінің себептері (2020) бойынша алдыңғы зерттеулері еліміздің білім беру саласындағы аналитиканы дамытуға және қоғамдық-саяси салада қажетті пікірталастарға өз үлестерін қосты.

Жаңа жобаның маңыздылығы білім беру жүйесінің қоғамдық талқылауларға барынша ашық болуына, әрбір мұғалімге өз пікірін білдіруге мүмкіндік беруіне негізделген. БҒДМБ аясында қауымдастықтар мен мұғалімдердің басқа да кәсіби бірлестіктерін құру жоспарланған. Сонымен қатар, олардың жұмысының сипаты мен тетігі мұғалімдер үшін өзекті мәселелерді талқылау алаңы ретінде әлі де аз зерттелген. Үнемі дамып келе жатқан жағдайда мұғалімдердің ресми шеңберде қоғамдық талқылау мүмкіндігін қаншалықты пайдаланатынын түсіну қажет. Интернеттегі кеңістікте білім беру саласындағы белгілі бір бастамаларды қоғамдық талқылауға қатысатын көптеген белсенді педагогикалық бірлестіктер бар екенін білеміз. Бірақ мұғалімдердің ресми ҮЕҰ-ға қатысуы және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың басқа түрлері әлі толық зерттелмеген.

Жоба шеңберінде білім беру саласындағы ҮЕҰ жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізіледі, мұғалімдер бірлестіктерінің халықаралық жұмыс тәжірибесі зерделенеді. Деректерді жинаудың негізгі құралы - 20 мектептің мұғалімдеріне сауалнама жүргізу. Сонымен қатар, педагогикалық тәжірибесі бар қоғамдық-саяси қайраткерлермен сұхбат жүргізу және еліміздің педагогикалық қоғамдастығына қатысты айтылған мәселелерді сараптау жоспарланған. Нәтижелер 2021 жылдың жазында жарияланады. "Белес" талдау және стратегия орталығының жобалары туралы ақпаратпен beles-cas.kz ресми сайтынан танысуға болады.

Оставить заявку