Астана — 2024 жылғы 26 сәуір. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) төрағалығы жылында «Beles» талдау және стратегия орталығы Астана халықаралық университетімен (AIU) бірлесіп (ЖҚТКД ҒЗИ-мен серіктестік арқылы) жылдың басты жастар оқиғаларының бірі — XII «ШЫҰ Моделі» интерактивті конференциясының ұйымдастырушылары болды.
«Шанхай рухы» аясында өткен іс-шара Ұйымға мүше 9 елден келген болашақ дипломаттардың басын бір алаңда қосып, мына тақырыпты талқылады: «ШЫҰ өңірінде жасыл болашақты құру: стратегиялар мен бірлескен шешімдер».

Іс-шараның деңгейін Ұйымның жоғары басшылығының жеке қатысуы растады. Конференция қатысушыларына ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Джанеш Кейн сәлемдесу сөзін арнады. Ол өз үндеуінде дәл осындай алаңдарда «болашақ елшілер мен сыртқы істер министрлерінің мансабына іргетас қаланатынын» атап өтті.
Осындай ауқымдағы оқиғаны ұйымдастыру — академиялық ресурстың (AIU) және сараптамалық қолдаудың (ЖҚТКД ҒЗИ / «Beles» орталығы) синергиясының нәтижесі. «Beles» президенті Серік Ирсалиев өз сөзінде атап өткендей, экологиялық күн тәртібін таңдау кездейсоқ емес: 2024 жыл ШЫҰ-да Экология жылы болып жарияланған.
«Бүгін біз ШЫҰ өңіріндегі 1 миллиард жастың өмірі тәуелді проблемалар бойынша консенсус табу үшін жастардың басын қосып отырмыз. Бұл — біздің университеттің және орталықтың жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесі», — деп атап өтті С. Ирсалиев.

Делегатар Үкімет басшылары кеңесінің жұмысын модельдеді, «өз» елдерінің ұстанымдарын қорғады және компромисс өнерін үйренді. Пікірсайыс қорытындысы бойынша «жасыл болашақ» жөніндегі қорытынды Резолюция қабылданды. Іс-шараның финалдық нүктесі EXPO аумағында ағаш отырғызу символдық акциясы болды, бұл форумның экологиялық миссиясын бекітті.

XII ШЫҰ Моделін өткізу біздің Орталық пен Университет үшін ШЫҰ Хатшылығының қамқорлығымен жобаларды жүзеге асыруға қабілетті, өңірдегі «жұмсақ күш» пен халықтық дипломатияның негізгі алаңы мәртебесін бекітті.