2019 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан мұғалімдері: неліктен жас адамдар бұл мамандықты тандайды және оларды осы мамандықта қалуға не ынталандырады?» атты Қазақстандағы бірінші зерттеудің қорытындылары талқыланды. Зерттеуді «Белес» талдау және стратегия орталығы» қоғамдық бірлестігі Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен өткізді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаты, Білім және ғылым министрлігінің, оған бағынысты ұйымдардың және Астана қаласы білім басқармасының өкілдері, Назарбаев және Еуразия университеттерінің профессорлары мен зерттеушілері, педагогикалық қоғам қатысты.
Зерттеудің нәтижелері келесіні көрсетті: көп жағдайда сабақ беруге қызығушылық, мұғалім рөлінің әлеуметтік маңызы және кәсіби дамуға ықпал ететін орта үміткерлер мұғалім мамандығын тандағанда материалдық игіліктерге деген қызығушылықтан жоғары болады.
Алайда, педагогикалық мамандықтарға «амалсыздан», басқа баламалардың немесе грантта оқу мүмкіндігінің болмауынан түскендердің үлесі әлі де жоғары. Әрбір бесінші мұғалім үшін оның мамандығы тандау кезінде басым болмады.
Педагогикалық мамандықтар студенттерінің 55%-ы және жас мұғалімдердің 25%-ы мұғалім болып 5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемейміз деп жауап берді.
Мұғалімдерді ұстап қалу кезінде негізгі сын-қатерлер бәсекесіз еңбекақы, әсіресе мамандық бойынша жұмыс істеуге кіріскен кезде, мұғалімдердің тым артық жүктемесі және педагог мамандығының төмен әлеуметтік мәртебесі болып табылады.
Зерттеудің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын әзірлеу кезінде ескерілуі мүмкін ұсыныстар талқыланды.
Презентация:Қазақстан мұғалімдері: неліктен жас адамдар бұл мамандықты тандайды және оларды осы мамандықта қалуға не ынталандырады?